Емделушілерді қолдау қызметі
Сәлеметсізбе!
ШҚО ДСБ «Ұлан ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Емделушілерді Қолдау Қызметіне (ішкі бақылау қызметі) қош келдіңіз
Емделушілерді Қолдау Қызметінің Мақсаты -туындаған мәселелерді анықтау және медициналық көмектің сапасын одан әрі жақсарту болып табылады.
Егерде сіз:
-медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса;
медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз
- тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетілетін медициналық қызметтерден медициналық қызметкердің қаражат өндіріп алу фактілеріне тап болғанда;
сондай-ақ медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты басқа туындаған мәселелерге тап болсаңыз, Емделушілерді Қолдау Қызметіне хабарласыңыз.
Сіз өзіңіздің аты-жөніңізді , байланыс мәліметтерін (телефон нөмірін, мекен-жайды) көрсете отырып жазбаша өтінішіңізді сұрауыңызды біздің аурухананың кіреберісінде орналасқан өтініштер қалташасына(қорабына)қалдыра аласыз.
Емделушілерді Қолдау Қызметіне емделетін науқастар ғана емес,сондай-ақ туыстары да жүгінуге құқылы.
Біз сіздің өтініштеріңіз, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз, бұл біздің ұйымда көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға көмектеседі.
Емделушілерді қолдау қызметі үшін жауапты тұлға:
Байдельда Қаракөз Тоқтарқызы
Телефон нөмірі: 8 (72334) 21 806