ШҚО ДСБ “Ұлан ауданының аудандық ауруханасы” ШЖҚ КМК

Пациенттерді қолдау

Емделушілерді    қолдау  қызметі

 

Сәлеметсізбе!

ШҚО ДСБ «Ұлан ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Емделушілерді Қолдау Қызметіне (ішкі бақылау қызметі) қош келдіңіз

Емделушілерді Қолдау Қызметінің Мақсаты -туындаған мәселелерді анықтау және медициналық көмектің сапасын одан әрі жақсарту болып табылады.

 

Егерде сіз:

-медициналық көмектің сапасына көңіліңіз  толмаса;

 

медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз
 
- тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетілетін медициналық қызметтерден медициналық қызметкердің  қаражат өндіріп алу фактілеріне тап болғанда;

 

сондай-ақ медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты басқа туындаған мәселелерге тап болсаңыз, Емделушілерді  Қолдау Қызметіне хабарласыңыз.

 

Сіз өзіңіздің аты-жөніңізді , байланыс мәліметтерін (телефон нөмірін, мекен-жайды) көрсете отырып жазбаша өтінішіңізді сұрауыңызды біздің аурухананың кіреберісінде орналасқан  өтініштер қалташасына(қорабына)қалдыра аласыз.

 

Емделушілерді Қолдау Қызметіне емделетін науқастар ғана емес,сондай-ақ  туыстары да жүгінуге  құқылы.
 
Біз сіздің өтініштеріңіз, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз, бұл біздің ұйымда  көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға көмектеседі.

 

 

 

Емделушілерді қолдау қызметі үшін жауапты тұлға:

Байдельда Қаракөз Тоқтарқызы

Телефон нөмірі: 8 (72334) 21 806